Қазақстан құрамасы өз алаңында жеңісті қолдан берді
Михал Билек шәкірттері өз алаңында Кипрден ұтылды. Алғашқы таймды жеңіспен аяқтаған қазақ футболшылары екінші таймда шаршап қалды. Темірлан Ерлановтың голынан бөлек, бір емес, бірнеше гол соғатын мүмкіндік болды. Ойынның басында екінші нөмірмен ойнаған кипрліктер қазақ ойыншыларының шаршағанын сезіп, ойынды өз қолдарына алды. Ойынның 73-минутында Сотириу таразы басын теңестірді. Негізгі уақыттың аяқталуына 6 минут қалғанда қонақтар әдемі шабуыл ұйымдастырып, жерлестеріміздің қақпасына екіншгі гол салды.
Осы ойынға дейін қос командада 7 ұпайдан болса, қазір Кипр 10 ұпаймен 3-орынға тұрақтады. Қазақстан құрамасы келесі ойынды өз алаңында Бельгиямен өткізеді.