FIFA-2018. Төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанаты бүгін «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналарында
FIFA-2018. Төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанаты бүгін «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналарында
Бүгін FIFA-2018 Әлем чемпионаты бастау алады. Мәскеудің атақты «Лужники» стадионынан төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанатын «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы: 20:30-да. Әлем чемпионатының ашылу салтанатында британиялық белгілі әнші Робби Уильямс, ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллина, Уилл Смит, Никки Джим секілді жұлдыздар өнер көрсететін болады.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы ойыны басталады. Онда Ресей және Сауд Арабиясының құрамалары кездеседі. Аталған ойынды футболсүйер «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналарынан 20:50-ден бастап көре алады.
Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қазмедиа орталығының» медиафасадында ашық көрсетілім ұйымдастырылады. Ашылу салтанаты мен алғашқты матчтың көрсетілімі алдында, сағат 19:30-дан бастап «Астана» футбол клубының ойыншыларымен кездесу және жас футбол жанкүйерлеріне арналған шеберлік сағаты өтеді.
FIFA-ның 21-ші Әлем чемпионаты 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейдің Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді. Әлемнің үздік деп танылған 32 командасы төртқұрлықтың басты жүлдесіне таласпақ.
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы