ӘЧ-2018. Уругвай құрамасы мысырлықтардан басым түсті
ХХІ Әлем біріншілігінің екінші ойын күнін бастаған Уругвай мен Египет құрамалары арасындағы матч тартысты болды.
Бас төреші голландиялық Берн Кейперс ысқырығы шалынған сәттен қос команда ойынды өз қолдарына алуға тырысты. Дегенмен жарақатына байланысты алаңға шыға алмаған Мохаммед Салахтың командаластары шабуылда өткірлік таныта алмады. Есесіне Луис Суарес пен Эдинсон Кавани бастаған уругвайлық ойыншылардың шабуылы үдей түсті. Алайда уругвайлықтар қаншама шабуыл жасағанымен тек ойынның 89 минутында айып нүктесінен асырған допқа Хосе Хименес алғашқы болып жетіп, ойындағы жалғыз голды салды.
Қорытынды есеп: Египет – Уругвай 0:1
Голдар: Хосе Хименес 89.
Әлем чемпионатының «А» тобындағы көш тізгінін турнир қожайындары Ресей мен Уругвай бастап тұр.
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы