FIFA-2018. Сенегал құрамасы Польшадан басым түсті
Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің алғашқы туры аясындағы соңғы матч Сенегал мен Польша құрамалары арасында өтті.
Аталған ойында мамандар еуропалық құрамаға басымдық берген болатын. Алайда, африкалықтар бұл болжамды теріске шығарып, топтан шығуға үмітті екендерін көрсетті.
Ойынның бас төрешісі бахрейндік Наваф Шукралла ысқырығы шалынған сәттен қара құрлық өкілдері шабуылға көшті. Матч алғашқы минутынан бастап қарсылас қақпасына жойқын шабуылдармен лап берген сенегалдықтар ойынның 37-ші минутында есеп ашты. Сенегалдық ойыншының шірене тепкен добы польшалық қорғаушының аяғынан серпіліп Войцех Щесны күзеткен қақпадан табылды.
Екінші таймда Левандовский бастаған поляктар есепті теңестіру үшін барын салды. Сондай сәттердің бірінде қорғанысты ұмыт қалдырып, қарымта шабуылдан гол жіберіп алды. 60-шы минутта қақпашымен бетпе-бет шыққан М’Байе Ньянг мүлт кетпеді.
Африкалықтардың қос голына поляктар ойынның 86-шы минутында Гжегож Крыховяктың жалғыз добымен жауап қатты.
Қорытынды есеп: Польша – Сенегал 1:2.
Голдар: Крыховяк 86 – Ционек (АГ) 37; М. Ньянг 60.
Ойындар кестесін жүктеу
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market