Чемпиондар лигасының екі матчын "QAZSPORT" тікелей эфирде ұсынады
Бүгін "Барселона" өз жерінде "Славия Праганы" қабылдайды. Әйгілі "Камп Ноу" алаңында өтетін ойынды сағат 23:45-тен бастап тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, миландық "Интер" Дортмундқа қонаққа барады. "Боруссия" мен "Интер" арасындағы ойынды сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні сағат 01:55-тен бастап тамашалай аласыздар.