FIFA – 2018. Пентакампиондар Коста-Риканы соңғы минутта ұтты
Футболдан Әлемнің бес дүркін чемпиондары Бразилия құрамасы Ресейдегі мундиальдың екінші турында Коста-Рикадан басым түсті.
Бьорн Кейперс төрелік еткен ойында бразилиялықтардың шабуылдары өткір болды. Дегенмен алғашқы таймда мадридтік «Реалдың» қақпашысы Кейлор Навас иелігінен саңылау табу Неймар бастаған жігіттерге мүмкін болмады.
Екінші таймда пентакампиондар шабуылдарын үдете түсті. Сондай сәттердің бірінде коста-рикалық қорғаушы Неймарға қарсы өз айып алаңында дөрекі ойнағандай көрінген. Алайда бас төреші Кейперс бейне қайталаудың көмегімен бұл шешімінен бас тартты.
Ойынның қосымша минутында Филиппе Коутиньо қорғаушылардан сытылып шығып, есеп ашты. Ал матчтағы ең соңғы шабуылды Неймар голмен аяқтады
Қорытынды есеп: Бразилия – Коста-Рика2:0.
Голдар: Ф.Коутиньо 90+1; Неймар 90+8.
Ойындар кестесін жүктеу
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market