Бахрейнде өткен жарыстан қазақ спортшылары олжалы оралды
Бахрейнде аралас жекпе-жектен әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде әлемнің 50 мемлекетінен келген 500-ден астам спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы аталмыш айтулы аламаннан 18 медаль еншіледі.
15 қараша күні жастар арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Сол күні қазақ файтерлері жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға тұрақтады.
Сайыстың соңғы күні әйелдер және ерлер арасындағы шешуші кездесулер өтті. Сол күні ел қоржынына 9 медаль қосылып, Бағдат Жұбаныш алтыннан алқа тақты. Естеріңізге сала кетейік, Аралас жекпе-жек федерациясы отандасымыздың өнерін жоғары бағалап, «ММА спортынан ерлер арасындағы әлемнің ең үздік шебері» атағына ұсынды.
Қазақстан құрамасы бұл жарыстан 18 медаль еншілеп қайтты.