УЕФА Бельгияға қарсы іс қозғады
ЕУРО-2020 іріктеу турнирінің 9-турында Ресей мен Бельгия кездесті. Аталмыш ойында Анго Дедрик Боята командаласы Батшуайидың жейдесімен өнер көрсетті. Арада 10 минут өткеннен кейін ғана қорғаушы өз жейдесін киді.
Сонымен қатар кездесу белгіленген уақыттан кеш басталуына қатысты ескерту жасалды.
Бұл іске қатысты шешім 12 желтоқсанда шығады.
Естеріңізге сала кетейік, Бельгия құрамасы Қазақстанмен бір топта ойнап, қос ойын нәтижесі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.