Қазақстандық төрешілер Токио Олимпиадасының жолдамасы үшін өтетін турнирде қазылық етеді
Азия волейбол конфедерациясы қазақстандық төрешілер Айдос Ахметов пен Юлия Акулованы келесі жылдың басында Токио Олимпиадасының жолдамасы үшін өтетін волейбол турнирінің төрешілері ретінде тағайындады.
Ахметов ерлер арасындағы сары құрлық додасында қызмет көрсетеді. Байрақты бәсеке келесі жылдың 7-12 қаңтар аралығында Қытайдың Цзяньмынь қаласында өтеді.
Акулова төрелік ететін құрлықтық бәсеке Тайланд жерінде жалауын желбіретеді.