Айбек Нұғымаров финалда жеңілді
Алматы қаласында "Әлем барысы" турнирі өтті. Қазақ елінің намысын 4 палуан қорғады. Жартылай финалда Мақсат Исағабылов пен Айбек Нұғымаров кездесіп, екі дүркін "Әлем барысы" финалға жолдама алды. Айбарыс шешуші бәсекеде ресейлік Роман Бобиковке есе жіберді. Сөйтіп отандасымыз аталмыш турнирдің күміс жүлдегері атанды.