«Әлем барысы» турнирі өз мәресіне жетті

2 желтоқсан күні Алматы қаласында «Әлем барысы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Әлемнің 30 елінен келген 33 палуан бақ сынаған байрақты бәсекеде ресейлік Роман Бобиков топ жарды. 


Қазақ елінің намысын 4 палуан қорғады. Руслан Әбдіразақов пен Нұрдәулет Жарылғапов жарысты ерте аяқтады. Руслан моңғолиялық спортшы Серік Баймұратқа есе жіберсе, Нұрдәулет грекиялық Тенторе Масмандистен айласын асыра алмады. Грек спортшысы Тенторе Масманидис бұл жарыста ерлік көрсетті. Жарақатына қарамастан ширек финалға дейін жетті. 


Отандастарымыз Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Жерлестеріміз финалға жолдама үшін белдесіп, Айбарыс айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екінші жартылай финалда ресейлік Роман Бобиков өзбек өкілін ұтып, финалға жолдама алды.


«Сыр барысы» қола белбеу үшін өзбекстандық Мухсин Хиссомиддиновпен күш сынасты. 25 жасар палуан жергілікті жанкүйерлерді жерге қаратпай, қарсыласынан басым түсті. 


Шешуші бәсекеде ресейлік Роман Бобиков пен «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров айқасқа түсті. Тартысқа толы қызықты кездесуде ресей спортшысының жолы болды. Сөйтіп төртінші рет жалауын желбіреткен «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы ресейлік Роман Бобиков атанды.


Жарыс соңында жүлдегерлерге ақшалай сыйлық пен арнайы белбеулер табысталды. Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы айтулы аламанды "QAZSPORT" және "QAZAQSTAN" телеарналары тікелей эфирде көрсетті. 



 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды