"Алтын Самғау" иегерлері марапатталды
Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған «Алтын самғау – 2019» спорттық жүлдесін табыстау салтанатына республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар қатысып, үздіктер марапатталды.
☑Үздік спорт командасы – Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы;
☑Үздік жас спортшы – Әбілмансұр Батырғалиев (каратэ);
☑Ғылыми кешенді топтың үздік маманы – Ирек Сатов (бокстан ұлттық құраманың дәрігері);
☑Үздік пара спортшы – Нұрлан Домбай (паратаэквандо);
☑Үздік пара спорт жаттықтырушы – Жандос Қиянов (парадзюдадан ұлттық құрама жаттықтырушысы);
☑Үздік спорт қауымдастығы – Шайбалы хоккей қауымдастығы;
☑Үздік спорттық өңір – Қызылорда облысы;
☑Қазақстан спортының майталманы – Әмин Тұяқов (жеңіл атлетика);
☑Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы – Әсет Серікбаев (еркін күрес);
☑Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы – Елена Круглыхина (фристайл);
☑Жыл жаңалығы – Әлішер Ерғали (еркін күрес);
☑Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы – Элизавет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау);
☑Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы – Бекзат Нұрдәулет (бокс).