WADA Ресейді халықаралық жарыстардан 4 жылға шеттетті
Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі Ресейді халықаралық спорттық шараларды өткізу мүмкіндігінен айырды. Бұл туралы РУСАДА бас директорының орынбасары Маргарита Пахноцкая мәлімдеді.
Аталмыш ұйым шарты бойынша Ресей 4 жыл бойы халықаралық жарыстарды ұйымдастыра алмайды. Сондай-ақ , әлемдік додаларда спортшылар Ресей елінің туымен спорттық шараларға қатысу құқығынан айырылды.
Ресейліктер 21 күннің ішінде істі қайта қарау үшін шағым түсіре алады.