Садриддин Ахмедовке біраз уақытқа дейін рингке шығуға тыйым салынды
7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен Максим Бурсактың (35-6-2, 16 КО) бокс кеші өтті. Аталмыш бокс кеші аясында Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) те кезекті жекпе-жегін өткізді. Қазақ боксшысы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос (12-6-2, 7 КО) жұдырықтасты. 10 раундқа есептелген жекпе-жек 7-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Ахмедов қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.
Жекпе-жектен кейін Квебек провинциясының Бокс комиссиясы екі спортшыға да шектеу қойды: Отандасымызға 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынса, Вильялобостың шаршы алаңға қашан оралары белгісіз. Медицина өкілдері қос боксшысының денсаулығына байланысты осындай шешім шығарды.