"Партизан"-"Астана" кездесуінде словакиялық төрешілер қызмет көрсетеді
Осы бейсенбіде елордалық "Астана" сырт алаңда сербиялық "Партизанмен" кездеседі. Бұл матчты "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
"Астана-Арена" алаңында өткен алғашқы ойында қонақтар 1:2 есебімен жеңді. 5-турда Григорчук шәкірттері азулы "Манчестер Юнайтедті" ұтып, топтағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Қос команда арасындағы кездесуде словакиялық төрешілер қызмет көрсетеді. Бас рефери Филип Гловаға отандастары Франтишек Ференц, Мирослав Бенко және Михал Оценаш көмектеседі.
Елордалықтар плей-офф кезеңіне жолдама ала алмаса да, жылды жеңіспен қортындылайды деп сенеміз.
Бәсі биік турнирлерде ел намысын қорғап жүрген елордалық "Астана" клубына "QAZSPORT" арнасымен бірге жанкүйер бол!