«Реал» мен «Атлетик» тең түсті
Испан додасының 18-ші туры аяқталды. Мадридтік «Реал» мен "Атлетик" арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. Зидан шәкірттері осымен қатарынан 3 матч тең ойнап, каталондықтарды басып оза алмады.
Ойынның 43-минутында қонақтардың есеп ашатын мүмкіндігі болды. Кенан Кодро гол соққанымен, төреші офсайд болғанын мәлімдеді. Мадридтікьердің ойында алға шығатын бірқатар мүмкіндігі болды. Ойын соңына таман Йовичтің есеп ашатын жақсы мүмкіндігі болды. Баспен бағыттаған добы қақпаның бағанасына тиіп, ойын нәтижесіз аяқталды. Қазіргі таңда астаналықтар турнир кестесінде 2-орында келеді. Бильбаолық ұжым 28 ұпаймен 7-орынға жайғасты.