Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды
"Ақтөбе" футбол клубының экс-директоры Ақтөбе облысы әкімінің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі, сондай-ақ, "Ақтөбе" ФК" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Белгілі футболшы 2018 жылдың қаңтарынан бастап осы жылдың 20 желтоқсанына дейін "Ақтөбе" клубының директоры болды.
Естеріңізге сала кетейік, Самат Смақов Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 2000 жылдан бері өнер көрсетіп, 2016 жылға дейін 75 ойын өткізді.