FIFA – 2018. Франция – Әлем чемпионы

Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды.

 

Ойын басталған тұстан қос команда да жеңіске деген құштарлығын көрсетті. Хорватия құрамасы үшін бұл тарихындағы алғашқы финал балса, француздардың 2006 жылдан кейінгі жүлде алатын мүмкіндігі еді.

 

Бірінші таймның 18-ші минутында Марио Манджукич өз қақпасына гол салып, командасын қиын жағдайда қалдырды. Алайда Златко Далич шәкірттері 28-ші минутта Иван Перишичтің көмегімен есепті теңестірді.

 

38-ші минутта хорватиялық қорғаушы өз айып алаңында қолмен ойнап, бас төреші Хектор Питана 11-метрлік айып соққысын белгіледі. Пенальтиден Антуан Гризманн мүлт кетпеді.

 

Екінші таймда француздар Поль Погбаның және Киллиан Мбаппенің көмегімен есепті 4:1 етті. Ал, Хорватия құрамасы 69-шы минуттағы Марио Манджукичтің көмегімен жауап қатты.

 

Осылайша, Франция құрамасы араға 20 жыл салып Әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

 

Қорытынды есеп: Франция – Хорватия 4:2

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Күрес түрлерінен Азия Чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
  • Теннис
Елена Рыбакина Мастерс жарысының 1/8 финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Еуро-2024: Ұлттық құрама Данияны жеңді
  • Жаңалықтар
Үстел теннисінен VI жазғы Спартакиадада Қарағанды облысы топ жарды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина - «Indian Wells - 2023» жарысының жеңімпазы
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Бокстан әйелдер арасындағы Әлем Чемпионаты. Нью-Дели - 2023
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындарын көрсетеді
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Әлем Чемпионаты. Нью-Дели - 2023
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Еурокубок ойындарының 1/4 финалдық кезеңінің жеребесі тартылды
  • Қысқы спорт түрлері
  • Жаңалықтар
Павел Колмаков Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Жазира Орақбаева Әлем Чемпионатын жеңіспен бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Чемпиондар Лигасы. Ширек финалға шыққан командалар белгілі болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
«Qazsport» телеарнасы бокстан Әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
Нариман Құрбанов және Милад Карими Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина Мастерс турнирінің үшінші айналымына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионатының үшінші жарыс күнінің нәтижесі
  • Жаңалықтар
Дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінің нәтижесі
  • Жаңалықтар
Алматылық «Қайрат» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Максим Самородов ҚПЛ ойынында дубль авторы атанды