FIFA «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарына ӘЧ-2018 трансляцияларын сапалы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді

Qazaqstan» және «Qazsport»  телеарналары FIFA 2018 әлем чемпионатының көрсетілімін қорытындылады.  

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде  FIFA-2018 футболдан Әлем чемпионатының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.       

 

Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин және «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысты.

 

Ерлан Қариннің айтуынша: «Футболдан әлем чемпионаты бұл барлық футболсүйер қауым үшін спорт әлеміндегі  маңызды да, қуанышты оқиғалардың бірі. Өздеріңіз білетіндей, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол ойындарының барлық 64 матчын тікелей эфирде көрсетті. Ресейдегі FIFA-2018 көрсеткіші 2014 жылғы Әлем чемпионатына қарағанда 16% -ға артты.

 

«Qazaqstan» телеарнасында ең көп қаралған матч ретінде Ресей - Египет құрамалары арасындағы тартыс болды. Ойынның үлесі 47,4% ал, көрсеткіші 6,97 пайызды құрады.

 

Cондай-ақ, «Qasport» телеарнасында көрсетілген Ресей-Хорватия құрамаларының ойыны үздіктер  қатарына еніп, 44,3% үлесімен 7,32% рейтингтік көрсеткішке жетті. Ал,  ең төменгі рейтинг Швейцария - Коста-Рика арасындағы матч болды, үлесі  5,3%-ды құраса,  рейтингісі 0,58% ғана болды.

 

Айта кету керек, әрбір матчтың орташа аудиториясы шамамен жарты миллионға жуық көрермен жинады. Оның ішінде көрсетілім жағынан ең жоғары көрсеткішке ие болған Ресей-Хорватия ойынын LIVE режимінде 339 455 адам тамашалады. Ал, Ресей-Сауд Арабиясы арасындағы ойынды бар-жоғы  16 819 адам қараған.

 

Сондай-ақ, көрермендер футболды «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігіне ие болды, қазіргі сәтте бұл қосымша 263 511 рет жүктелген.    

 

Тағы бір жақсы жаңалығымыз, 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатын  трансляциялау құқығына ие болдық».

         

Брифингке қатысқан «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин футболдан Әлем чемпионатының тікелей эфирдегі көрсетілімі жоғары деңгейде болғанын айтады.

 

«FIFA-2018 көрсетілімін жоғары деңгейде өткіздік деп ойлаймын, себебі жақсы пікірлер айтылып жатты. 7 шілдеде, «Qazsport» телеарнасы орташа тәуліктік үлесі жағынан 18,3 пайызды көрсетіп абсолютті рекорд орнатты. Арнаның рейтингі 1,6%-ды құрады. Ал Ресей - Хорватия матчында барлық 6+ аудиториясымен 1 018 910 көрермен жинап рекорд орнатылды.

 

Көрермендеріміз тамаша ойындардың күәсі болды, біздің комментаторларымыз барынша атсалысты. Тұрақты комментаторлардан бөлек, Есей Жеңісұлы, Ермұхаммед Мәулен, Сергей Раильян және басқалары арнайы шақыртылды. Сондай-ақ, кейбір матчтарды оқиға алаңынан тікелей жеткізу үшін Руслан Бақытжан мен  Тимур Сүлейменов сынды білікті мамандар болды.

 

Осы шараны қорытындылай келе, ең үздік комментаторды анықтау үшін байқау жариялауды ұйғардық. Байқау әлеуметтік желілерде  корпорациямыздың барлық аккаунттарында жарияланған болатын.  14 комментатордың арасынан Ермұхаммед Мәулен мен Есей Жеңісұлы, Сергей Раильян және Тимур Сүлейменов ең көп дауыс жинап, үздік комментатор атанды.

    

Сондай-ақ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының атына сапалы жұмысы үшін ФИФА-дан алғыс хат жіберілді. Бұл турнирді ойдағыдай өткізуіміздің бір себебі қызметкерлердің жұмыла жұмыс істеуінің арқасында. Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін», деді телеарна директоры.

 

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейде футболдан әлем біріншілігі өткен болатын. Бұл жарысқа әлемнің ең таңдаулы 32 ұлттық құрамасы қатысты. FIFA-2018-дің Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми хабар таратушылары - «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары болды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді