Киберфутболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу турниріне қатысады
Наурыз айында PES 2020 платформасында киберфутболдан Еуропа додасының іріктеуі басталады. Осыған орай ҚФФ мен Киберспорт федерациясы аталмыш жарыс жолдамасы үшін жарыс ұйымдастырды. Әр елден 2 немесе 4 ойыншы қатыса алады. Бұл жорықта ел намысын Қаныш Әбікен мен Кабир Добай қорғайды.
Қазақстан құрамасы C тобында Швейцария, Босния және Герцеговина, Молдова, Македония құрамаларымен күш сынасады. Ойында онлайн-режімде өтеді.