Елордада UFC турниріне қатысты баспасөз мәслихаты өтті
17 қаңтар күні жексенбіде өтетін UFC турнирінің көрсетіліміне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Аталмыш шараға UFC Russia басшысы Андрей Громковский, "QAZSPORT" телеарнасының директоры Павел Цыбулин, спорт сарапшысы Айдар Махметов және UFC-да қазақтың атын шығарып жүргер Дамир Исмагулов қатысты.
Спикерлер журналистер қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Ресми шара барысында алдағы жекпе-жектерге болжам жасалып, қазақстандық файтерлердің болашағы туралы айтылды.
19 қаңтар күні Конор Макгрегор мен Дональд Серроне октагонда күш сынасады. Қыстың ең маңызды спорттық шарасын "QAZSPORT" телеарнасы сағат 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.