Қазақстандық дзюдошылар Тель-Авивтегі әлемдік Гран-Приге қатысады
23-25 қаңтар күндері Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтеді. Әлемдік доданы "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық Гран-При жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан беріледі.
Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда. Аталған бәсекеде ел намысын 20 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Серік Ақылбек (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)
Әйелдер:
Ақмарал Науатбек (-48 кг)
Анна Казюлина (-52 кг)
Севара Нишанбаева (+57 кг)
Мөлдір Нарынова (-70 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг
Отандастарымызға "QAZSPORT" телеарнасымен бірге жанкүйер болайық!