Астаналық «Барыс» «Витязьді» 3:2 есебімен ұтты
Барыс хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында кезекті кездесуін подольскілік «Витязь» командасымен өткізді.
Бірінші кезеңде алма кезек шабуылдар еш нәтиже береді. Қалған екі кезеңде «Барыс» хоккейшісі Евгений Блохинның қарсылас команданың қақпасына бағыттаған шайбасы дәл түссе, витязьдық Яков Селезнев жауап қайтарды. Ойынның 46 минутында Сергей Тополь мергендігімен танылып, «Витязь» алға шықты. Араға 10 минут салып роман Савченко есепті теңестірді.
Жеңімпазды анықтау мақсатында төрешілер тағы 5 минутты қосты. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмай, ойын соңындағы булиттер сериясында Роман Старченконың дәл соққысы «Барысқа» жеңіс сыйлады.