Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға шықты
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» үшінші рет жеңіске жетті.
Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен екінші кездесуін өткізген батысқазақстандықтар бұл ойында да қарсыластарын жеңді. Есеп - 5:4. «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов осы жолы екі голдың авторы атанып, төрт кездесуден кейін доп санын сегізге жеткізді.
Бұл мачтан кейін 9 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бұл топта әлі кездесулерін өткізбеген командалар да бар. Соның бірі «Знамя-Удмуртиямен» 3-4 желтоқсанда оралдықтар сырт айдында, Воткинск қаласында күш сынасады.