«Барыс» ХК-ның өз алаңындағы ойындары көрерменсіз өтеді
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова ел аумағында ойын-сауықтық және мәдени шараларды өткізуге тыйым салынғаны туралы хабарлады.
«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады, сондықтан ведомствоаралық комиссия бүгін ел аумағында іс-шараларға - ойын-сауық пен мәдени іс-шараларына тыйым салу туралы шешім қабылдады. Стадиондарда, көп адамдар жиналатын арнайы жабдықталған жерлерде өткізілетін шараларға тыйым салынады», - деп жауап берді министр.
«Сұрақ дұрыс қойылды. Ойындар тоқтатылмайды. Тек көрерменсіз өтетін болады. Бұл біздің тәжірибеміз ғана емес, бұл халықаралық тәжірибе. Еуропа елдерінде командалар көрермендерсіз ойнайды. Біз де соған ұқсас шешім қабылдадық», - деп толықтырды Ералы Тоғжанов.