«Барыс» қатарынан бесінші жеңісіне жетті
«Барыс» қатарынан бесінші жеңісіне жетті
Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасында қарсылас шақ келтірмей келеді.
Кезекті ойында Ари Пекка Селинның шәкірттері Хабаровскінің «Амурымен» күш сынасып, 3:4 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысына келер болсақ, есепті астаналықтар ашты. Талғат Жайлауов пен Артемий Лакиза Николай Антроповқа гол соғатын тамаша жағдай жасап беріп, «Барыстың» шабуылшысы мүлт кетпеді. Алайда айдын иелері үзіліске дейін, таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші шайбыны да соғып, алға шықты. Екі голдың да авторы Тимофей Шишканов. Екінші 20 минуттықта «Амурдың» хоккейшілері Ари Ахоненның қақпасына үшінші шайбоны салды. Бұл жолы Андрей Степанов көзге түсті.Үшінші кезеңнің басында Брэндон Боченский есеп айырмасын қысқартты. 51-ші минутта Талғат Жайлауов мергендік танытып, есепті теңестірді. Ал араға 3 минут салып, Николай Антропов кездесудегі үшінші шайбосын соғып, «Барысқа» жеңіс әкелді.
Осы жеңістен кейін, елордалықтар Құрлықтық хоккей лигасының турнир кестесінде 46 ұпаймен көш бастады. «Барыстың» келесі ойыны 26 қазанда өтеді. Қазақстандықтар Астанада Магнитогорскінің «Металлургін» қабылдайды.