Олимпиада алауы Жапонияға жеткізілді
Бүгін Олимпиада алауы Грекиядан Жапонияның солтүстік-шығысындағы Мияги префектурасына жеткізілді.
Ойындар шырағының Жапония аумағымен эстафетасы 26 наурызда Фукусимада бастау алуы тиіс. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты жергілікті билік тұрғындарға алау өтетін жолдарда көптеп жиналмауға кеңес берді. Ел үкіметі мен Токио басшылығы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартпақ емес. Олар коронавирус жарыстарға кедергі келтірмейді деп үміттенеді. Жапония тарапы Ойындарды көрерменсіз өткізуге немесе кейінге қалдыруға үзілді-кесілді қарсы.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығына белгіленген.
Фото: НОК РК