ITTF Олимпиада ойындарына дайындық қарсаңында ресми мәлімдеме жасады
Халықаралық үстел теннисі федерациясы COVID-19 пандемиясы кезіндегі Токио Олимпиадасына дайындық жұмыстарын Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлесе өткізуде. Бұл туралы ITTF ресми мәлімдемесінде айтылған.
«COVID-19 пандемиясымен күрес кезіндегі ITTF талаптарын жоғары бағалады. Томас Бах Жапониядағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары қарсаңындағы дағдарыс кезіндегі ITTF қызметіне алғысы білдірді.
«Біз алдағы уақытта да ХОК-пен әріптестікті жалғастырамыз және Құрлықтық федерациялар мен ITTF атлеттер Комиссиясымен бірлесе отырып, Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі әділетті түрде аяқталуын қадағалаймыз», - деді ITTF бас хатшысы Рауль Калин.
ITTF атқарушы комитеті 29 наурыз күні тағы да жиналып, ХОК-тың 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлеріне ресми ұсыныс енгізеді.