Австралия спортшыларын Токио Олимпиадасына жібермеу туралы шешім қабылдады
Австралия Олимпиада комитеті Токиода жоспарланған жазғы Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізу туралы ұсыныс жасады.
Бүгін таңертең АОК Атқарушы кеңесінің отырысында коронавирусқа қаупінен сақтану үшін Токио Олимпиадасына қатыспау туралы мәселе талқыланды. Отырысқа қатысушылар спортшыдар мен олардың маңайындағы адамдардың денсаулығы бірінші орында екенін ескерткен.
Австралия командасы ел ішінде және шетелде адам көп шоғырланған жерге жинала алмайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Австралия спортшылары шетелде және елдің басқа аудандарында дайындалатындықтан, қазір жаттығу жұмыстары тоқтап тұр. Бүгінде өзге елдердегідей сыртқа шығуға қатаң тиым салынған.
Десе де, ХОК ұстанымы – спортшылардың қауіпсіздігі екенін тілге тиек ете отырып, спортшылардың да пікірін ескереді деп ойлайды.
Ресми мәлімдемеде, АОК Атқарушы директоры Мэтт Каррэлл Астралияның барлық спорт федерацияларымен осы мәселе бойынша хабарласып, бірқатар сұрақтарды талқылайды делінген.