Біріккен ВТБ лигасы маусымды мерзімінен бұрын аяқтады
Әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты баскетболдан Біріккен ВТБ лигасының 2019/2020 жылғы маусымы мерзімінен бұрын аяқталды.
«Лига кеңесіне дауыс беріліп, көпшілігі маусымды тоқтатуды қолдаған соң, Біріккен ВТБ лигасын мерзімінен бұрын аяқтау туралы ресми шешім қабылданды.
Шекаралар жабылған қазіргі жағдайда жаттығу жасайтын мүмкіндік жоқ. Бүгінде COVID-19 індеті әлемде белең алып барады. Сондықтан, ойыншылар мен клуб қызметкерлерінің және жанкүйерлердің денсаулығын сақтау үшін осындай қадамға бардық.
Лига талаптары сақталмағандықтан, маусым мерзімінен бұрын аяқталады», - делінген хабарламада.