Көркем гимнастикадан Ресей мен Португалиядағы турнирлер өтпейтін болды
.
Халықаралық гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан Портимао (Португалия) және Мәскеуде (Ресей) өтетін турнирлерді белгісіз мерзімге шегерді.
Әлемдік ұйым коронавирустың кеңінен таралуына байланысты осындай қадамға барып отыр.
Аталған екі турнир 2020 жылдың мамыры мен шілдесінде өтуі тиіс болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін көркем гимнастикадан Италия, Болгария, Өзбекстан және Әзірбайжандағы әлем кубогі кезеңдері тоқтатылды.