Рио Олимпиадасына салынған стадиондар короновирусқа қарсы күрес кезінде қолданылмақ
2016 жылы Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарында футбол матчтары өткен стадиондар пандемияға қарсы күрес кезінде қолданылады.
Футболдан әйелдер мен ерлер бәсекесінің финалы өткен Маракана стадионы COVID-19 індетіне шалдыққандар үшін уақытша аурухана есебінде қолданылмақ.
2016 жылы ойындар кезінде жаттығу орталығы болған Сан-Паулудағы Estádio do Pacaembu да медицина нысаны ретінде пйдаланылмақ.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Бразилияда COVID-19 вирусын 3477 адам жұқтырған. Сондай-ақ, 93 адам өлімі тіркелген.