«Барыс» жеңісті уыстан шығарып алды
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында Астанаың «Барыс» хоккейшілері Новосибирск қаласының «Сибирь» командасын қабылдады. Матч Ари-Пеккка Селин шәкірттері үшін тамаша басталған еді.
Алғашқы кезеңде Роман Старченко есеп ашса, араға жеті минут салып Константин Романов есепті еселеді. Дастин Бойд екінші кезеңде есепті 3:0-ге жеткізді. Қонақтар Игорь Игнатушкин мен Алексей Копейкин көмегімен екі минуттың ішінде есеп айырмасын қысқартты. Ал шешуші кезеңде Игорь Игнатушкин мен Дмитрий Моня бір-бірден шайба соғып, «Сибирь» жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп 3:4. «Барыс» 26 желтоқсан күні Владивосток қаласының «Адмирал» командасын қабылдайды.