Қазақстандық хоккейшілер финалға шықты
Қазақстан құрамасы Трентинодағы Универсиаданың жартылай финалында АҚШ командасын 5:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті.
Алғашқы кезеңде қарсыластар қақпасына бірінші шайбаны Александр Шин енгізді, ал екінші кезеңде Евгений Рымарев жеңісті нығайта түсті. Үшінші жиырма минутта Рымаров есепті 3:1-ге ұлғайды. Шон Мерфи арақашықтықты қысқартуға тырысқанымен, Александр Липин мен Никита Ковзалов соққан шайбалар америкалықтардың үмітін үзді.
Турнирдің финалында қазақстандықтар Канада хокейшілерімен сынға түседі, бұл жекпе-жек бүгін өтеді.
Еске сала кетейік, топтық кезеңде Қазақстан Канаданы 4:2 есебімен ұтқан болатын.