УЕФА Еуропадағы ұлттық біріншіліктердің мерзімінен бұрын аяқталуына қарсы
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы, Еуропа футбол клубтарының қауымдастығы және ұлттық лигалардың өкілдері ұлттық біріншіліктердің уақытынан бұрын аяқталуына қарсы шықты.
«Алдағы уақытта әр мемлекеттегі жағдайды ескере отырып ұлттық чемпионаттардың жалғасатынына сенімдіміз және ішкі бәсекелестіктен бас тарту туралы кез-келген шешім негізсіз деп санаймыз" - делінген хатта.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропада барлық чемпионаттар тоқтап, Чемпиондар және Еуропа лигасының финалы кейінге шегерілді.