Триатлоннан барлық жарыстар 30 маусымға дейін тоқтатылды
Коронавирус пандемиясына байланысты Халықаралық триатлон федерациясының атқарушы комитеті осындай шешім шығарды. Осыған триатлон бойынша барлық бәсеке 30 сәуірге дейін тоқтатылған болатын. Енді осы үкімге тағы екі ай қосып, 30 маусымға дейін деп уақытын ұзартты.
Халықаралық триатлон одағының әлемдік кезеңі Жапонияның Иокогаме қаласында 16 мамырда өтуі тиіс еді. Сондай-ақ, Африка триатлон одағының үш жарысы, Американың үш, Азиядан төрт, Океания мен Еуропа жарыстарынан жеті ойын кейінге қалдырылды.