Бүгін халықаралық үстел теннисі күні

6 сәуір күні әлемдегі спорт жанкүйерлері Халықаралық үстел теннисі күнін атап өтеді. Осыған орай, Қазақстандағы үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулагазин барша спортшылар мен жанкүйрлерді құттықтады. 

«Қадірлі үстел теннисінің жанкүйерлері және спортсүйер қауым!

Бүгін әлемдік спорт қауымдастығы Бейбітшілік пен даму үшін Халықаралық спорт күнін атап өтуде. 2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бір ауыздан бекіткен бұл мерекенің біз үшін орны бөлек. 2015 жылдан бастап дәл осы күні Бүкіләлемдік үстел теннисі күні де тойланып келеді.

Атқарылған жұмыстарды бағалай келек, біздің еліміз әлемдік үстел теннисіндегі орнын нықтады деп сеніммен айта алмыз. Ұлттық құрама спортшылары халықаралық спорт ареналарында лайықты нәтиже көрсетіп, Таиланд, Үндістан, Оман, Сербия, Эстония мен Испаниядағы ірі турнирлерде жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, Ұлттық Олимпиадалық комитетпен, сондай-ақ, айматық  дене шынықтыру басқармаларымен тығыз байланыста. Жас спортшылар толқыны өсіп келеді, спорт мектептері мен мамандандырылған залдарда үстел теннисі үйірмесі көбеюде, ел аймақтарындағы техникалық базалар материалдық тұрғыдан жабдықталған, облыстық федерацияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Одан бөлек, елімізде аталған спорт түріне деген қызығушылық артуда.

COVID-19 індетіне байланысты біз биыл мерекені үйімізде, отбасымызбен бірге қарсы алудамыз. Үстел теннисінің жанкүйерлері мен спортшыларды мерекемен құттықтап, денсаулық, табыс тілеймін! Құрметпен  - Данияр Абулгазин»

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

US OPEN: турнирді өткізу үшін қандай шаралар сақталады?
«Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Кака келісімшарт мерзімін ұзартты
Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыста қарсыласына есе жіберді
FIBA 2023 жылы баскетболдан өтетін әлем чемпионатына қатысты жиын өткізді
«Барыс» хоккей клубы жаңа ойыншымен толықты
Қазақстандық төреші FIFA семинарына қатысты
Дзюдодан Еуропа чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды
Футбол және хоккей федерацияларының қызметкерлері бас қосты
World archery садақшылар арасында виртуалды жарыс өткізеді
Халықаралық көкпар лигасы құрылады
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті спорт журналисттерін дайындауды бастайды
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты
Златан Ибрагимович ауыр жарақат алып қалды
Ресми: Португалия чемпионаты 3 маусымда жалғасады
АІВА президентінің сайлауы желтоқсан айына жоспарланды
Көркем гимнастикадан әлем кубогінің төртінші кезеңі өтпейтін болды
Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан B тобында ойнайды
АПЛ бір жыл бойы көрерменсіз өтуі мүмкін
Ауыр атлеттер карантиннен кейінгі жаттығуын бастады
Желкенді спорттан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды