ICF байдарка мен каноэде есуден өтетін жарыстар туралы ресми мәлімет берді
Халықаралық каноэ федерациясы (ICF) байдарка мен каноэде есуден бірнеше ірі жарыстың өту мерзімін мәлімдеді.
Коронавирустың кеңінен таралуына байланысты мамыр айына жоспарланған барлық жарыстар, оның ішінде пара каноэден 2020 жылы Дуйсбургте өтетін әлем чемпионаты, Чехияның Рачице қаласында өтетін ашық әлем чемпионаты да тоқтатылды.
Мамыр, маусым және шілде айларында Токиода өтуі тиіс жаттығу жиынжары өтпейді. Ал маусым айында Италия мен Францияда өтуі тиіс әлем кубогі кезеңдері белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.
23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты да биыл өтпейді. АҚШ-тың Оклахома қаласында өтетін байдарка мен каноэде есуден Суперкубок те ұйымдастырылмайтын болды.
2020 жылы өтетін жалғыз ресми турнир –байдарка мен каноэде есуден өтетін олимпиада бағдарламасына енбейтін әлем чемпионаты. Бұл жарыс қыркүйек айына жоспарланған.