«Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасында көш бастады
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасы аясында «Кубань» командасын буллит сериясы бойынша жеңдi.
Ойынның негiзгi уақыты 1:1 есебiмен аяқталған болатын. Қарағандыда өткен матчта бiрiншi болып айдын иелерi есеп ашты. Олег Ломако бiрiншi айналымда «Сарыарқаны» алға шығарды. Екiншi жиырма минуттықта Сергей Пайора «Кубаньдi» жеңiлiстен сақтап қалды. Буллит сериясында Олег Ломако қарағандылықтардың мерейiн үстем еттi.
Осы жеңiciнiң арқасында «Сарыарқа» 77 ұпай жинап, чемпионаттың бiрiншi орнына көтерiлдi.