Азия ойындарының екі дүркін чемпионы дүниеге үшем әкелді
Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасының ардагері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мария Федоренко дүниеге үшем әкелді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының «Ақпараттық орталығы» хабарлайды. Сәбилерге Архип, Прохор және Егор деген есімдер берілген.
Мария - «Б» тобындағы Әлем чемпионы, 2005-2006 жылдары Еуролигада екінші орынға ие болған. Ал 2006 жылы Азия ойындарында маусымның үздік қорғаушысы атанған. Оның тәрбиеленушілері 2007 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында алтын медаль иеленген. 2009 жылы Қазақстанда II Қысқы Спартакиадада күміс жүлдені жеңіп алды. Қазіргі таңда Федоренконың 6 тәрбиеленушісі Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасына алынған. Ал өзі 2000 жылдан бері республикалық құрамада.
Шайбалы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі әйелдер командасының бапкері, үшемнің анасы Мария Федоренко спортқа қайта оралмақ ниетте екенін жеткізген.