Токио Олимпиадасына арналған «NIPPON» фестивалі өтпейтін болды
Токио Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың кейінге шегерілуіне байланысты «NIPPON» фестивалі аясында өтетін барлық спорттық шараларды тоқтатты.
Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті мен жергілікті билік өкілдері қазіргі жағдайға байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. Аталған фестивльге ұйымдастыру комитеті, Токио үкіметі мен Жапония бойынша барлық мәдени ұйымдар бірлесе өткізетін жоба болған.
Қазіргі таңда ұйымдастырушылар биыл ысырылған шараның 2021 жылы өткізуді талқылап жатыр.