УЕФА ағымдағы маусымды аяқтауға қатысты нақты ұсыныстар жасады
УЕФА ағымдағы маусымды аяқтауға қатысты нақты ұсыныстар жасап, чемпионаттарды жалғастыруды талап етті. Бірақ тек күрделі жағдайда ғана маусымды кейінге қалдыруға болатындығын да хабарлады.
Ішкі турнирлерді ұйымдастырушыларға арналған екі маңызды тармақ бар:
- Маусым айында басталатын чемпионаттар кем дегенде 3 тамызға дейін бітуі тиіс.
- Егер чемпионат маусым айында қайта басталмаса, оны тамыз айында - қалған еурокубок ойындарымен қатар өткізуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа және Чемпиондар лигасының жалғасы тамыз айына жоспарланған.