Токиодағы Олимпиада ойындары мүлдем өтпеуі мүмкін
Егер 2021 жылға дейін COVID-19 вирусы адам денсаулығына әлі де қауіп төндіретін болса, Олимпиада ойындары өтпейді. Бұл туралы Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Есиро Мори хабарлады.⠀
«Қазір біз көзге көрінбейтін жаумен алысудамыз. Егер біз коронавирусты жеңіп, Олимпиада ойындарын өткізетін болсақ, онда Токиодағы Олимпиада ойындары бұрынғылардан ерекше есте қалатын еді»,- деді Мори.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы кесірінен Олимпиада ойындары 2021 жылға шегерілген болатын.