IJF Олимпиадалық іріктеу кезеңінің уақытын жаңартты
Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық іріктеу кезеңіне жаңартулар енгізді.
Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңінің қашан аяқталатыны мәлім болды. Ол 2021 жылдың 29 маусымы болып белгіленді. Көрсетілген датаға дейінгі барлық жарыстың нәтижесі 100% есептелетін болады. 2019 жылдың 25 мамырына дейін жарыстың 50% ұпайы рейтингке қосылса, енді 2021 жылдың 29 маусымына дейінгі барлық дода нәтижесі 100% есепке алынатын болады.
Жарыстың өткізілетін уақыты мен жарыс кестесі қосымша хабарланады.