ITTF үстел теннисінен өтетін турнирлерді шілде айының соңына дейін тоқтатты
Халықаралық үстел теннисі федерациясының атқарушы комитеті COVID-19 індетіне байланысты біраз шешім қабылдады.
Атқарушы комитеттің шешімімен, үстел теннисінен өткізілетін іс-шаралардың барлығы 2020 жылғы шілденің соңына дейін тоқтатылды.
Сондай-ақ, ардагерлер арасындағы турнирлердің барлығы 2020 жылдың соңына дейін өткізілмейді.
Ал Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтуі тиіс командалық әлем чемпионаты туралы нақты шешім 2020 жылдың маусым айында қабылданады.
ITTF атқарушы комитеті 2 маусым күні тағы жиын өткізетінін естеріңізге саламыз.