Жеңіл атлетикадан биылғы маусым жарыстары тамыз бен қазан аралығында өтеді

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы биылғы жылдың тамызы мен қазаны аралығында өтетін бір күндік жарыстардың кестесін жариялады.

Маусым және шілде айларында санаулы елдер ғана турнир өткізе алады. Ал халықаралық жарыстар 8-9 тамызда өтетін ұлттық біріншіліктерден соң бастау алады деп күтілуде.

Әлемдік жеңіл атлетиканың биылғы маусымы Финляндиядағы Пааво Нурми ойындары құрлықтық турымен басталады.

Continental Tour Gold аясында ұйымдастырылатын тоғыз кездесудің сегізі тамыз пен қазан аралығына жоспарланған.

Wanda Гауһар лигасы 14 тамызда Монакода басталып, қазан ортасына дейін жалғасады. Коронавирусқа байланысты жарысты ұйымдастырушылар сериялық есеп жүргізілмейтінін және биыл жалпы есептегі жеңімпаз анықталмайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Цюрихтегі финал да өткізілмейді.

Гауһар лигасындағы әрбір жарыстың форматы алдын ала дайындалып, турнирге енгізілген спорт түрлері хабарланады.


ҚР ҰОК

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды