Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті спорт журналисттерін дайындауды бастайды

2020 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті "Спорт журналистикасы" мамандығын даярлауды қолға алады.

ЕҰУ кәсіби спорт журналисін даярлайтын Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орны болмақ. Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақтың айтуы бойынша, ел спортында өзіндік орны бар Қазақстандағы спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу жоспарда бар.

"Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті спорт журналистикасын оқыту бойынша 2 жыл білім бағдарламасын дайындады. Білім бағдарламасын дайындауға журналистика және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлары мен әлеуметтік ғылымдар факультетіндегі спорт және дене шынықтыру кафедрасының, мәдениет және спорт министрлігі мен отандық "Qazsport" спорттық телеарнасының мамандары қатысты. Білікті мамандармен бірлесе отырып дайындалған білім жобасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіне ұсынылып, сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Нәтижесінде, білім бағдарламасы қабылданып, "Спорт журналистикасы" мамандығы 2020 жылғы оқу маусымында студенттерге есігін ашады. 4 жылдан кейін кәсіби спорт журналистері дайын болады.

Айта кетерлігі, ЕҰУ спорт журналистін арнайымамандық ретінде енгізген еліміздегі тұңғыш жоғарғы оқу орны.

Қабылданған білім бағдарламасы бойынша студенттерге журналистика және саясаттану факультеті мен спорт және дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары бірге сабақ береді. Факультетіміздің мамандары журналистиканың теориясымен таныстырып, тәжірибе жүзінде практикалық сабақтар өткізсе, спорт және дене шынықтыру кафедрасының ұстаздары студенттерге спорт туралы дәріс оқиды.

Бұл білім бағдарламасы бойынша болашақ спорт журналистері тек спорт журналистикасының қыр-сырын оқумен ғана шектелмей, сонымен қатар денешынықтыру мен спорттың теориясы мен практикасын, спорт түрлерін, спортшылардың өсіп-даму, қалыптасуы туралы да осы сала бойынша белгілі мамандардан төрт жыл бойы дәріс алады.

Себебі, спорт журналисті журналистік біліммен қатар, спорт саласын да жетік меңгеруі тиіс. Әр спорт түрі бойынша жеке сабақ алып, спорт саласымен тереңірек танысады.

Қазіргі таңда заман талабына сай факультетіміз салалық журналистиканы дамытуға күш салып жатыр. Қазақстанда спорт журналистикасы бар болғанымен, онда әмбебап журналистер салалық мамандардың орнын алмастыруда.

Факультетіміздің алға қойған мақсаты да нарыққа бәсекеге қабілетті кәсіби салалық маманды даярлау. Осылайша, он жылдан бері кәсіби журнаоистті дайындап келе жатқан факультетіміз кәсіби спорт журналистін даярлауды да қолға алды.

Бүгінгі бастама нәтижесінде кәсіби спорт журналистері мен спорт комментаторлары еліміздегі спорт журналистикасы саласын дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз", - дейді факультет деканы Қайрат Сақ.


НОК РК

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды