Халықаралық көкпар лигасы құрылады

Бүкіләлемдік Көкпар Қауымдастығының (World Kokpar Association) конференциясы онлайн режимде өтті.

Жиын нәтижесінде көкпардан халықаралық лига құру шешімі қабылданды. Қауымдастық сайты іске қосылды.

"WKA конференциясында қарастырылған басты мәселенің бірі клубтық көкпар лигасын құру болды. Бұл ұсыныс Ауғанстан Бузкаши Федерациясы тарапынан түскен болатын.

Конференцияға қатысушы мүшелер бастаманы бір ауыздан қолдады. Көкпардан клубтық лига көп жылдар бойы талқыланып келген мәселе. Конференцияда қабылданған шешімнен кейін клубтық лига құру жолында нақты қадамдар жасауға толық негіз бар.

Қауымдастықтың атқарушы комитетіне халықаралық лиганың ережесі мен форматын пысықтауға бір ай уақыт берілді" – деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.

Одан бөлек, конференцияда 2019-2020 жылдардағы атқарылған жұмыс қорытындыланып, 2020-2021 жылдарға күнтізбелік жоспары бекітілді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды