Нұр-сұлтанда жеңіл атлетика аренасы бой көтереді
Елордада салынып жатқан жеңіл атлетика аренасының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеді.
Жаңа спорт кешені 7 мың көрерменге арналған.⠀
Қазақстанда жеңіл атлетика спортын дамыту мақсатында елорданың сол жағалауында бой көтеретін спорттық нысан "Астана арена", "Алау" мұз айдыны, "Барыс Арена", "Сарыарқа" және "Жекпе-жек" спорт сарайы жанынан салынып жатыр.