Гольфтен «Азия туры» қыркүйекте өтуі мүмкін
Коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтатылған гольфтен «Азия туры» қыркүйек айында өтуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 8 наурыз күні Малайзияның ашық чемпионатынан кейін Азия турының қалған жеті кезеңі кейінге қалдырылған болатын.
Азия турының атқарушы хатшысы Чо Минн Тант LinksAsia ұйымдастырған вебинарда алдағы жарыс жоспары туралы айтып өтті.